Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  91


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚЫРАНДАЙ ҚЫРАҒЫЛЫҚ

Көрініп келесің сен биіктерден,
Сырласып биіктерде –
Сүйікті елмен.
Келеді Сарбаздар да сəнін түзеп,
Жүретін тауды кезіп,
Жүзіп көлден!..
Қазақтың ұлан-ғайыр даласында,
Қалықтап ақ бұлттардың арасында!
Қажырлы,
Қарымды Ер, қажет елге,
Түсетін Отаны үшін дара сынға!
«Ұшқыштың батылы» деп атың шығып,
Сен жайлы толғады жыр,
Ақын түрік!
Келесің Ерлік жолын жалғастырып,
Ерлікке,
Байтақ далам жатыр тұнып!
Секілді жүйрік тұлпар, ұшақ саған,
Жатыр ғой,
Өздеріңнен күп ап далам!..
Ұқсасын Мұқтарына, жас ұландар,
Əуеде жүріп –
Жерін құшақтаған!..
Болар ма, жат пиғылын сірə біліп,
Жерде де, аспанда олар –
Жүр ағылып...
Тəуелсіз елім деген,
Ер жігітке,
Керегі – қыран құстай,
Қырағылық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу