Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  85


Автор: Марфуға Айтқожина

ДАРА СУРЕТ

Аңсаған туған елі, даласын көп,
Тұрады көз алдымда дара сурет.
Бақытты деген сөздің мəні терең,
Бақытты жандарға ешбір таласым жоқ.
Аялап өсіріп ең,
Шуақты өлке,
Ырғалған гүлдерің де сияқты ерке.
Құстарға қызығамын қанаты бар,
Күз бола кетіп,
Қайта шуап келсе!..
Байлығым өлең ғана, қолда барым,
Ел жайлы, өзің жайлы толғанамын.
Тек қана, бір нəрсеге қорланамын,
Қанатты құстар құрлы болмағаным!..
Аңсаумен жылдар, айлар, ауысар күн,
Ол жайлы қалай айтып тауысармын.
Ажалдың ілікпесем,
Тұзағына,
Туған жер, күні ертең қауышармын.
... жиналып маңайыма қатар-құрбым,
Тербетіп сезімдермен жатар нұрлы үн.
– Аңсаудан жүргенімде –
Арыла алмай,
Жарығым, абайлатпай,
Батар бір күн!..
Жанарым жасқа тұнып қараушы едім,
Айығар, күні ертең-ақ алаң сезім.
Аша гөр құшағыңды,
Өскен Өлкем,
Жетті ғой, құстай ұшып балаң сенің!..
Сиқырлы сұлулыққа тұнған алап;
«Келді» деп, кірпік қақпай, тұр ма қарап.
Өсірсең ат жалында ұлға балап,
Жүректі мен де жеттім, жырға орап!
Талқының мекендеген шың-құздарын,
Бір ауық алды ма еске, ұл-қыздарын.
Қамықпа, қайран Құлжа,
Талқы тауы,
Бұнда да жарқырап жүр,
Жұлдыздарың!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу