Өлеңдер ✍️

  26.06.2022
  108


Автор: Сергей Есенин

Құпия тылсым қоршаған...

Құпия тылсым қоршаған
Анау бір жақта дала бар.
Мейманмын мен де, жер, саған,
Мезгілсіз келіп мазалар.
Қайтейін орман, қырыңды
Қанаттыларды көргем мен.
Ғасырың менен жылыңды
Зымырап өткен күн көмген.
Тағдырым жоқ сенімен,
Менімен сен де туыспа,


Жаңа жол ашып жөнелем
Батыстан бастап шығысқа.
Келе сап жарық дүниеге
Қараңғы болған баспанам.
Сондықтан ертең жүрерде
Ешкімге мұра тастаман.
Алайда сенің бір маған
Жарығың үшін көрсеткен,
Сонау бір биік шұғыладан,
Нажағай қалғып, нұр сепкен.
Жағармын ғажап қос шырақ
Көрінер көктен қос айдай.
Тұрар ол мəңгі жарқырап
Көкірегіңнен көз алмай.
1916




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу