Өлеңдер ✍️

  25.06.2022
  274


Автор: Сергей Есенин

«КЕСТЕ»

Кесте тігіп отыр қыз, ерді еске алып,
Кестесіне семсер мен крест салып,
Жатыр майдан ерлері өліп қырда,
Кеудесінде қып-қызыл гүлдер жанып.
Нəзік жібек батырды тоқиды еппен,
Қыз жүрегін бір кезде тұтқын еткен.
Мерт болған ер, меңіреу ұйқы басқан,
Қаны тамып қамысқа сіңіп кеткен.
Бітті кесте. Шамның да майы азайып,
Еңкейді ару, көзінің мұңы ұлғайып.
Бір заматта солқылдап жылады қыз,
Аппақ сүйрік саусағын түнге жайып.
Бұлт тарқатып қайғылы қара шашты,
Бұрымының ішінде Ай адасты.
Терезенің түбінде аң жамылып,
Аруақтай қыз отыр төгіп жасты.
1914




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу