Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  92


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Қуандым қатты жайлаудың көpiп төбесiн...

Қуандым қатты жайлаудың көpiп төбесiн,
Қарсы алды менi туған жер, қоңыр белесiң.
Мауқымды бастым құшақтап қара тасыңды,
Сылдырап ақты бұлақтар маған не десін.
Қаусатты қайғы, тағдырға әйтеу көнесің.
Алысты аңсап, өзiңнен ұшқан құсыңмын,
Қалың жұрт түгел қылаусыз мені түсінгін.
Зарығып жеттiм қияннан сонау талықсып,
Сағыныш деген осы екен мінe – iшiм мұң.
Кенжелеп туып, кенжелеп ұшқан кiшi ұлмын.
Ктсем де жырақ бел балаң едім өлгенше,
Келетін болсаң жайлауға, достым, кел менше.
Сағынып алмай сапарға шығу жоқ әдет,
Жырлаймын сені мәңгілік жағым семгенше.
Жырлаймын сені жанарым мәңгі сөнгенше.
Қара жұрт жатыр әкемдi салып eciмe,
Өpicкe қарап, телмiрем таудың төciнe.
Көрiнбес көк ат, көрiнбес сары түйе де,
Iлесiп кеткен оралмастардың көшiне.
Оқыттым құран бейсенбi күннің кешiне.
Қара бұлт жайлап, тауымның қара шоқтығын,
Жел тұрып бiр сәт, қараңғы іңір бопты күн.
Төпеді жаңбыр, шартылдап кеттi найзағай,
Ит үрді тынбай – қойшыда бүгiн жоқ тыным.
Әкемді еске ап қайырдым шетiн тоқтының.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу