Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  107


Автор: Алмас Ахметбекұлы

БЕУ, АЛМАТЫ!

Беу, Алматы, атыңмен
ес білгелі танысқам.
Тасқа соғар басыммен
Саған жеттім алыстан.
Өз көзіңше айтамын,
қайрат жалдап келгесін:
Сенсің дейін жан -тəнім.
жасырайын мен несін.
Сен қызға ұқсап таңылдың
талай сөзге дүрлігіп.
Сыздағанын жаныңның
Ақының да жүр біліп.
Төсегінің жайлысын
жолаушысы иеленіп,
Қонағына дəмдісін
тегін берген ел едік.
Соның бəрі қалпылы.
Өкінгеннен не шығар.
Бəрі менікі ақыры,
соны сезер есі бар.
Сен аманда уайым, мұң
сындыра алмас бетімді.
Сызатыңа дайынмын
Қайың сына секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу