Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  96


Автор: Алмас Ахметбекұлы

СӨЗ САЛМАҒЫ

Тартатыным сонан ғой азап-зарын,
аяймын да, мен сені шын сүйемін.
Сөз салмағын жоғалтса өңшең залым
сонан тағы сырқырар сай-сүйегім.
Нысана көп ақында.
Серт те мығым.
Махаббат тек бəрінен молдау шығар.
Сен үрлесең жүректің өрттей жырын
қанша берік болғанмен жалы сынар.
Молдықтан ғой шашылса сезім мен сыр,
тұлан тұтпа,– құбылған жалған-ай, – деп.
Жар болдың ба ақынға,
сүй де есір,
махаббатқа майрағай -тайрағай боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу