Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  84


Автор: Серік Жетпісқалиев

ТҮСІМЕ ПАЙҒАМПАР КІРДІ

Түсіме пайғампар кірді,
Елжіреп, толқып, қуандым.
Осындай сәтімді нұрлы
Көрмеген , сірә, шығармын.
Қуатын білгем жыр, әннің,
Туған Ай көркем, шығар Күн.
Бірақта мынау шағымның
Мәнісі бөлек... ұғар кім?
Жайлы бір әсем күйге ендім,
Ғұмырды ғапу сүйгенмін.
Кешірдім жақсы-жаманды
Осыны сәтте үйрендім.
Белгі ме келген ғажаптан,
Құтылдым ба екен азаптан.
Айырма осы жолыңнан,
Мұрға бер, Ұлы Жаратқан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу