Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  93


Автор: Серік Жетпісқалиев

ТАБАЛАҒЫМ КЕЛМЕЙДІ ЕШКІМДІ ДЕ

Тыпырлайды, жанығып, тағатсыздар,
Дауыл қарсы, қариды қанатты ызғар.
«Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын»
Оралады аяққа талантсыздар.
Бағыты жоқ, ышқынып құлаштайды,
«Мені көрден» өресі бір аспайды.
Ең жаманы,шіркін-ай, аппақ айдын


Өнер көлін кіршіксіз ластайды.
Ар туралы ұлы ұғым ескірді ме,
Талантсыздың шамына өш кірді ме.
Өз жолымен әркімдер жүрсе не етті,
...Табалағым келмейді-ақ ешкімді де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу