Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  95


Автор: Серік Жетпісқалиев

ТЕҢ ЕДІ ЖҰРТПЕН ТЕРЕЗЕМ

Тең еді жұртпен терезем,
Кең еді жайған керегем.
Тамырым жалғыз шабылды,
Қалайша енді көгерем?
Жарыққа сені қалдырып,
Түнекке өзім жөнер ем.
Салқынға “төсек” салдырып,
Тозаққа да көнер ем…
Сұраққа жауап берер ем,
Арымнан төлем төлер ем.
Аруағыммен қалқалап,
Бақытқа сені бөлер ем




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу