Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  161


Автор: Серік Жетпісқалиев

СҰЛУЛЫҚ

Нәп-нәзік гүлім менің,
Неге ерте назарыма ілікпедің?
Суып қалған, селт етпес жүрегімнің,
Осыншама туларын біліп пе едім?..
Сен бір нәзік, жауқазын гүл екенсің,
Күншуағың табылмай жүр екенсің.
Серпілдім де шаттандым жолыққанда,
Бәлкім әлі қайғыртып, жүдетерсің!..
Бәлкім бүгіп, сырыңды жасырарсың,
Бәлкім сенде көрмекке асығарсың.
Ақ таңына қарсы ұшқан аққу құсап,
Бәлкім келіп мойныма асыларсың?!
Жолықтың да жүректі “дір” еткіздің,
Жапырағын жүргенмін күреп күздің.
Тұмшалаған қап-қара бұлтты жарған,
Найзағайдай “жарқ” етті жүрек біздің.
Сұлулықтың не екенін білем енді,
Өзінді аңсап, сағынып жүрем енді.
Көптен бері булыққан бұла жырлар,
Қаламымнан төгіліп жүре берді…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу