Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  95


Автор: Серікбол Хасан

Білмеппіз біз осыны бұрын дүрмекте...

Білмеппіз біз осыны бұрын дүрмекте,
Ұмтылдық-ау тірліктің сырын білмекке.
Аллаһтың берген санаусыз нығметі үшін,
Жаратқанның сыйлаған күнін құрметте!
Жолды таптым иманым бұйырып маған,
Елге бақыт тілеймін сиынып Саған,
Кісі болып кеудемді көтергенменен,
Ақыретте алдыңа иіліп барам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу