Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  93


Автор: Серікбол Хасан

ҰЛЫ АЛЛАҺ

Нұр Аллаһ,
Жол бастаған шырағым бар – қасиетті Құраным,
Жәннат – Кәусар, жерде Зәмзам – бұлағым.
Сен Мөлдірсің, ал мен болсам...
Құдай-ау!
(Өзге жанға өтірік жыр құрадым).
Ұлы Аллаһ,
Амалымды асыр, шайтанымды қашыр, қу,
Болмасыншы енді азап, мехнат, ашыну,
Сен Ұлықсың, ал менікі...
Құдай-ау!
Сенің ұлық Нұр бейнеңе бас ұру.
Бір Аллаһ,
Атым – адам, ісім – надан, көп күнәм,
Тозақ барын кімге, қайтіп ұқтырам?!
Сен Мәңгісің, ал мен болсам...
Құдай-ау!
Бүгін бар да, ертеңгі күн жоқ болам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу