Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  92


Автор: Қасымхан Бегманов

Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен...

Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен,
Жабықсам да өмiрден, түңiлмегем.
Бар өмiрiм тұрады сағыныштан,
Ғашық жандар жоқ шығар сүрiнбеген.
Сағыныштан тұрады тiршiлiгiм,
Сырын ұққам ақ қайың бүршiгiнiң.
Арасында жер басып жүргендердiң,
Сенi сүйген мен барын бiлшi гүлiм.
Жаңбырларға қарамай, дауылдарға,
Кеткiм келдi сен жүрген ауылдарға.
Сенiң орның бөлек қой, бiрге туған,
Алмастыра алмайды бауырлар да.
Ақ қайыңға тағы да келесiң бiр,
Туған жердiң басқанда белесiн гүл.
Екi жаққа кетсек те екi жолмен,
Қалмай қойды жанымнан елесiң бiр,
Менi мәңгi айналып елесiң жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу