Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  77


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Қыс бойына қарлы құйын сарнаған...

Қыс бойына қарлы құйын сарнаған,
қалшыл қағып ұйқымыз да қанбаған.
қатып жатқан тоң алқапты түренмен
қақыратар қауқар бізде қалмаған!
Шып-шып терлеп,
Шыққа дала бөкті енді,
Шығамыз біз шарлау үшін көк белді.
Шыңылдаған шалғылармен шабамыз,
Шұрайы мол, шүйгін, шалғын шөптерді.
Ашық қалсын ауыр-ауыр қақпалар!
Терезеден жел жұпарын ақтарар!
Шырқамаппыз көптен бері біздер де
Мұндай әнді көңіліміз шаттанар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу