Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  87


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚАЗАҚСТАН, СЕН ӨЛСЕҢ...

Қазақстан, сен өлсең,
жалқаулықтан өлерсің,
аласармай өр еңсең,
аңқаулықтан өлерсің,
анталаған өздері,
қанталаған көздері
қорқаулықтан өлерсің.
Қазақстан, сен өлсең,
байлығыңнан өлерсің,
қылқындырып қол өңшең
шайлығудан өлерсің.
Салт-сана жоқ, дәстүр жоқ,
қамаудағы қасқыр боп,
қайғы-мұңнан өлерсің.
Қазақстан, бүгін сен,
Тарихыңа үңілсең:
бабаң берген біліммен,
тіліңменен, дініңмен
тірілерсің — тірілсең!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу