Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  97


Автор: Ұлықбек Есдәулет

БЕЙНЕУ. ҰЛУТАСҚА ЕЛІКТЕУ

Өзімнен өмір зор келіп,
Өзімді өзім қор көріп,
Бейуақыт
Бордай үгіліп,
Болдым да қалдым боркемік...
Айпері аспан — сұлушаш,
Айқұлақтанбай жылу шаш!
Дәл мендей бордан жаралған
Маңғыстаудағы ұлутас.
Уақыттың өзін құндақтап,
Дәуірлерменен бірге аттап,
Осалдан шыққан мықты ғой
Қайтейін тасты құр мақтап.
Маңдайдан жаңбыр өткенде,
Таңдайдан тағдыр өпкенде,
Сол тастан ғана именем
Менен де мықты жоқ деуге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу