Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  67


Автор: Жангелді Немеребай

ТҮС

Түсіме енді керім қыз ерке,
Кейіпкеріндей «мың бір түн»
Қуанышпенен оянып ерте,
Көңілдің сырдым мұң бұлтын.
Бұл көрген түсім өңімдегідей,
Сәл бірақ одан көңілді.
Тамаша бәрі өмірдегідей,
Шынайы болып көрінді.
Көктемнің салқын көрік таңында,
Жанартау болдым жалынды от.
Ешкімге айтып, жорытпадым да,
Өзіме ғана мәлім боп.
Үзілген түсті жалғастырса ғой,
Жұмбақтың көбін шешетін.
Өңменен түсті алмастырса ғой,
Бақытты-ақ едім кеше түн...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу