Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  97


Автор: Мәди Қайыңбаев

МАҒЖАННЫҢ ҚҰЙЫРШЫҒЫ

Шидім, шидім, шидім құс,
Ши басына қонған құс,
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс.
Сол шыбыңдай кезіңде
Хан басына қонған ол.
Ақыл ұйып сөзінде,
Алмас қылыш болған ол.
Айқасқа да ерте еніп,
Шайқасқа да ерте еніп,
Атақ-даңқы жер асқан,
Өлең үшін өртеніп,
Өнер үшін тер төгіп,
Не көрмеді Жарасқан!
Елім деген мұнды əні,
Жерім деген сырлы əні,
Көкірегінен жиі ақты.
Сонау 77-жылдары,
Сонау 77-жылдары
37-жылдары сияқты
Адал жүрек, ақ жанмен
Айтып сөзін ақырғы ол,
Қосақталып Мағжанмен
Қара түнде атылды ол!
Жүрегінде оты анық
Дауыл болып ұйлыққан.
Халық жауы аталып,
Аласталды ол сыйлықтан.
Озғаны кім, азған кім –
Ұғынбады қайран ел!
Халық жауы Мағжанның
Құйыршығы болған ол!
Сені – өлең, əні асқан
Жырлап талай маздармын!
Қайран ағам Жарасқан –
Құйыршығы Мағжанның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу