Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  73


Автор: Мәди Қайыңбаев

СӘЙГҮЛІКТЕР

Жүрегімде шоқ болдың,
Сымбатыңа сұқтандым да, шаттандым,
Сəйгүліктер!
Қолғанаты өмірлік
Құстай ұшқан ұлы бабам сақтардың!
Садақ пенен атсыз күні жоқ мүлдем,
Қылыш қанын күн нұрына кептірген,
Оған куə – Зарина мен Шырақтар,
Томиристер Кирді қанға бөктірген!
Бақталасқан соққан желмен ерігіп,
Сəйгүліктер!
Кең даламның көрігі!
Арыстанша арпалысқан кешегі
Махамбет пен Мəдилердің серігі!
Кекіліңді сан самалға өптірсең
Тағдыр шығар,
Кешір мені «көп білсем»,
Сымбатыңмен таң қалдырып халықты,
Циркте ойнап бүгінге де жеттің сен.
Ғарыш деді ғылымдарға сүйеніп,
Бұл күнде адам орындалды тілегі,
Біздің Отан бақыт елі, жыр елі!
Мен сүйсіне ғарышкерлер ісіне,
«Союзь» ұшса тулай соғар жүрегім!
Əйтсе де оны Байқоңырдан көкке ұшқан
20 миллион сəйгүлік1 деп білемін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу