Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  60


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

О, Жер-Ана!

О, Жер-Ана!
Мен сенiң үзiк тамшыңмын нәр алған.
Бар құдiрет
Әшкере болған түннен жаралған.
Жүрегiмде құпиям
Тек өзiңе белгiлi,
Пенделерiң қашанда қиындыққа жаралған.
О, Жаратқан!
Жердi жалпақ еттiң де,
Биiк еттiң аспанды.
Махаббатты жараттың,
Бәрi содан басталды.
Адамзаттың барлығы қан боп ұйып жаралып,
Жерге ғашық болды да,
Топырағын жастанды.
О, Көк Тәңiрi!
Қараңғы түн кесiрiнен қағып ал.
Күн түскенде күн нұрын құй жаныма.
Пендешiлiк күнәмдi өзiң ғана кешiр де,
Пақырыңның тәубасын
Мейiрiңмен қабыл ал!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу