Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  84


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

ТІЛЕСКЕ

Өспеген арғы тегің атаң Сәмбет,
Басыңа бітті мал мен, бақ пен дәулет.
Басыңа бақ қонған соң, ұмытылды
Жеткен соң қолың көкке, келіп нәубет.
Шақырдың жаман оймен сөзің мекер,
Би-болыс атқа мінген жаудан бетер.
Біріккен ықыласпен тілеу болмай,
Кінәсіз көзің тіктің босқа бекер.
Би - қасқыр, бай - арам ас, болды залым,
Барыстай жазды болыс тырнақтарын.
Қоян деп мені түтіп жемекші едің,
Шықты ғой арыстан боп алысқаның.
Қылмыс жоқ, шақырттырдың, босқа міншіл,
Тағатсыз, тақуасынған өңшең діншіл.
Кісі өлтіріп, ноғайды талағам жоқ,
Мінезің мінез емес адал - сыншыл.
Мал біткен атаң Есдәулет, Ескенеге,
Бақ қонса, кісі артын ескере ма?!
Жауыр нармен Жетісудан келіпті әке-шешең,
Үш ешкі, естен шықты бес кереге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу