Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  93


Автор: Мерғали Ыбыраев

Ұмытпандар, ұмытпандар қайғы бар!

Ең бақытты шақтарыңды аңдыған,
Қайғы деген қойныңдағы әбжылан.
Мүлгіп кетпе, мүлт жібермес у тілі,
Кезіңді аңдып тұрады ылғый қалғыған.
Төсектегі жөні бөлек ұйқының,
Қалғып кетпе, ілінбесін кірпігің.
Қалғып кетсең кіріп келер есіктен,
«Қол көтер!» деп кезей ұстап мылтығын.
Қалғып кетпе, берме өзіңе бір тыным,
Өлмессіңдер, өтсе ұйқысыз бір түнің.
Жастығыңда мамық емес, жұп-жұмсақ,
Жатсын түгі тікірейген кірпінің...
Қайғы келсе қара жүзін жас шайып,
Бақытыңа таға көрме босқа ойып.
Ұмытпаған – бой тасалап, ұмтылған, -
Қайғы болып шыға келер қасқайып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу