Өлеңдер ✍️

  08.06.2022
  649


Автор: Аталық Әбдешұлы

ҚАРАҚИЯ ОЙЫСЫ

(Ақын Жұбан Тасарға арнаймын)


Жұбан екеуміз дүние жүзіндегі ең терең ойыстардың бірі – Қарақия
ойысының ең төменгі табанында тұрмыз. Осы Ойыс тереңдігі мен адам
қабілетін бағалау сандары бірдейлігінің үндестігі жайында:
«Қарақия –
бір жүз отыз және екі
Өрлі өресі –
Жер мен теңіз
астасқан тұс көбесі,
Ой мен қия
деңгейінің сөресі,
Әрбір адам,
Басар табан,
Ізгілікті


жолды қалап,
Байқатуға қарымын,
Бойын тіктеп,
ойын жіктеп,
Асар қадам –
Көтерілер арынын
Сынға түсер
асқын алап
Қояр мақсат төбесі:
қайтпас талап,
қыран қанат,
қонар шыңның төресі!» –
деді ақын,
Қатпар қабат
Қырға қарап,
Әлеуетті
Терең ойды,
қилы биік
Тауға балап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

16.08.2022 20:52
Күшті өлеңдердің бәрі❤️
Агамнвн кара создери оте керемет.иси алг
Женил окылады.жаесы есте сакталпды

Пікір жазу