Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  98


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

ӘЙ, ӨЗІМ...

Әй, өзім,
Жындымын-ау, екем жынды,
Күнәлаймын
Бұл халге енді кімді?
Махаббатқа
шырмалып пәк жүрегім,
Ойым ойран болғанда, жаным мұңды.
Әй, өзім,
Жындымын-ау, екем жынды,
Қайткенде өмірімді етем құнды.
Мейлі сен делқұлы деп ұғына бер,
Ал менің жүрегіме сезім тұнды.
Білемін,
қол жетпеске ұмтылғанмын,
Жүрегім
сондықтан да бұлқынған мұң.
Тағдырым
талқысына салып мені,
Төзімді аямай-ақ сын қылған мың!
Қайтемін
басқа салса көнемін бе?
Құсадан ақыр бір күн өлемін де.
Сенің бейнең қалады жүрегімде,
Сенің өзің қаласың өлеңімде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу