Сәдуақас Абдынасырұлы

Сәдуақас АБДЫНАСЫРҰЛЫ – 1961 жылы ақпанның 28 күні Түркменстан Республикасы, Ташауыз облысы, С. Түркменбашы (бұрынғы Октябрь) ауданына қарасты Байрам Тағанов атындағы ұжымшарда дүниеге келген. 1968-1978 жылдарда осы ұжымшардағы №14 қазақ орта мектебін табысты бітірген соң, ауылда бір жыл тракторшы болып істеді. 1979-1984 жылдарда Нөкіс Мемлекеттік Университетінің филология факуьтетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдады. 1984-1996 жылдарда туған ауылында өзі оқыған мектепте мұғалім, ұйымдастырушы, оқу ісінің меңгерушісі болып абыройлы қызмет етті. 1996 жылы желтоқсан айында ата жұртқа оралды. Сол жылдың желтоқсан айынан бері Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосындағы №1 орта мектепте мұғалім болып істейді. Жоғары санатты ұстаз.
Ол 2002-2003 жылдарда Қарақия аудандық «Қарақия жаңалықтары» газетінің бас редакторы, 2004 жылдың қаңтар айынан – 2008 жылдың сәуір айына дейін аудандық «Қарақия» газеті редакциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директор-бас редакторы болып қызмет атқарды.
2008 жылдың сәуір-тамыз айларында «№1 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде психолог, қыркүйек-қазан айларында оқу ісінің меңгерушісі, 2008 жылдың қараша айынан 2009 жылдың сәуір айына дейін мектеп директоры міндетін атқарды. Қазір осы мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс жасайды.
2010 жылды «Қарақиям – қазыналы мекенім» атты кітабы жарық көрген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: