Өлеңдер ✍️

  07.06.2022
  190


Автор: Талғат Қайбұллаұлы

ЖАРЫМА

Сенсіз атпас ақ таңым,
Сенсіз батпас күнім де.
Азамат деген атым бар,
Мен барда еш түңілме.
Қуаныш бізге кез келер,
Қиындық бастан өткенмен,
Айта берсін өзгелер,
Бірге өтеміз өткелден.
Айтпай да ұғар асылым,
Алтыным сенсің қолдағы.
Тез тарқаушы еді ашуың,
Ашуланбасаң болғаны.
Шалыңның түсін әзілін,
Ұрыса көрме тағы да,
Әзілдей біл деп жазымын,
Шәй бермей жүрме тағы да.
Өлеңмен солай маздадым,
Жыр басы міне құралған.
Асылым, сенсің, ардағым,
Мен сенсіз өмір сүре алман!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу