Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  70


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Жүретұғын кезінде жиі өңінен өпкізіп...

Жүретұғын кезінде жиі өңінен өпкізіп,
Көрсетсем деп қиялдап киеліме тек қызық,
Көк тұманда көп жүрдім, көк тайғақтың суығын,
Сіңірімнен өткізіп, сүйегіме жеткізіп.
Жаяу жүріп, аязбен жағаласып тоңдым мен,
Аяулымның қыр-сырын араласып көрдім мен.
Одан артық құдайдан не тілеймін, жаутаңкөз,
Жүрегі бар, есі жоқ бала ғашық болдым мен!
Аптыққанмын дірілдеп, асыққанмын барғанша,
Өзімді-өзім құм етіп, жасытқанмын хандарша.
Үш қыс, төрт жаз тентіреп, ұйықтамадым, күлмедім,
...Шашы үшін де шайқасам қасық қаным қалғанша.
Аямай-ақ басқан-ды аптығымды түрлі сәт,
Күндізгі аймен жүреді ол, ақтығы бір нұрға ұсап.
Қалай қиям өзгеге, өзіме-өзім қимаған,
Өзегімдей қалқамды – шаттығымды бір құшақ?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу