Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  91


Автор: Жұматай Жақыпбаев

МҰРАТ

Жол берсе ортасынан тең жарыла,
Қызыққа қарамақ боп ел жабыла.
Шеруке* қобызымен үй көшірген,
Іленің ар жағынан бер жағына.
Жоғалтпай белде сиқыр, шөлде жынын,
Боздатқан боз інгенше жолда өз үнін.
Шеруке бәйгеден де келтіріпті,
Төрт түгіл бір аяқсыз сол қобызын.
Көзіме көркі ұнаған, көші ұнаған,
Жиылса туған жердің төсіне адам.
Қозғалтпай елімді мен орынынан,
Абырой жайлауына көшіре алам.
«Осынша бөсуі-ай, – деп, – шіркін ердің»,
Сенбеуі мынаған да мүмкін елдің.
Ел даңқы шығатұғын бәйгелерден,
Келтірем қос жүйріктей Күлкі мен Мұң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу