Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  71


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Байыды біреу, семірді десе...

Байыды біреу, семірді десе,
Көрдіңдер үлгі ұдайы мұны.
Софизм болып көрінді кеше,
Мұқағалидың да шынайы мұңы.
Кешегі Жантық айласын көрмей,
Болар ма ертең адамдар дана?
Конформизмнің...пайдасы көлдей,
Қоғамға емес, наданға ғана.
Прагматиктерге еңіреп ерді,
Конформистердің бәрі лас кеуде.
Биіктей берді, семіре берді,
«Ләббай, тақсыр, ол рас!»деумен.
Егілген жеміс піспейді деп пе ең,
Өзіне қажет шуағын еміп?
Конформизм де түспейді көктен,
Догматизмнен туады келіп.
Ішпеуге онда тырысар едім,
Етер ем, шіркін бұл үйді көркем.
Конформизм құрыса бүгін,
Алкоголизм де құриды ертең.
Түйілер сосын әдемі қасы,
(Шарықтап айтыс, жыр қызып жатыр)
«Науқанның құлы – пәленің басы,
Әсіре пысық – инквизатор».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу