Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  96


Автор: Жарылқасын Аманұлы

МЕН КӨНСЕМ ДЕ, АҒАЙЫН, ДЕГЕНІҢЕ

Мен көнсем де, ағайын, дегеніңе,
Өлең шіркін көнбейді, керегі не?
Ол шындықтың семсері екі жүзді,
Жалған айтсаң тастайды бөледі де.
Бұған мені айыпты санамағын,
Дәрменсізбін, таусылды бар амалым.
Өлең тілін алмастан өкіректеп,
Талай рет таяқ жеп жараландым.
Кеуделінің жүрсем де бірі болып,
Кейде ақынның көретін күні қорлық.
Иілмеген «құдайға» қайран басым,
Кетті өлеңнің мәңгілік құлы болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу