Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  85


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ТӘТТІ ЕКЕН КҮНДЕР

Толғана берем, толғану үшін жаралғам,
Толғанту үшін жеткізбей кеткен сан арман.
Үмітті үрлеп жылт еткен түнгі оттардай,
Тәтті екен күндер қиялға қайта оралған.
Қиялмен шертіп, күндерді сол бір күй еткен,
Домбыра – өмір, ішегі – сезім, тиек – мен.
Жадағай көңілім жабырқау тартқан шақтарда,
От-жалын жырым, тасқындат мені сүйеп сен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу