Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  86


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ас ішіп, ауа жұтып, ұйқы қысып...

Ас ішіп, ауа жұтып, ұйқы қысып,
Доспен де сəл нəрсеге қитығысып,
Білмеймін, мінезім бе, бір өзім бе,
Кетіріп болдым білем үй тынышын.
Алайда, ілінсем де сөзге нендей,
Еңбегім жүрсе-дағы көзге ілінбей,
Өз сөзім өртеген соң өзегімді,
Күнімді көре алмадым өзгелердей.
Тар жерде өз əлімше кең көсіліп,
Менде де болған шығар пендешілік.
Аспаннан түскен тамшы секілденіп
Кетерміз түбі, бірақ, жерге сіңіп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу