Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  69


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

АҚБОЗ

Құйрық-жалы әдемі
төрт тұяғы балғадай
ақбоз атым бар еді –
әй, жалған-ай, жалған-ай.
Қарғығанда жырадан
кетті айналып ұршығы-ай.
Мен де оңбай құлағам
әй, қырсық-ай, қырсық-ай.
Ер жығылды. Бір сайда
бөрік қалды домалап.
Ауырсындым ырсаңдап...
өй, обал-ақ, обал-ақ.
Бөркім – әнтек ұшты деп
шағына алман басқаға-ай,
бірақ бұдан күштірек
бір масқара... масқара-ай.
...Көрдім кеше боз атты –
жазылыпты. Тұр билеп,
өлеңі боп қазақтың
кісінеді күмбірлеп.
Сәл қисайған жалы бар,
сәл жүдеген халі бар.
Әй, жануар, жануар,
әй, жануар, жануар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу