Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  73


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ШИ ҚАЛПАҚ

Балақ – анда,
Бас – мұнда,
әлдене үшін күресіп,
ақ қалпақтың астында
ақымақ боп жүресің.
Ши-қалпағым, кептің де
Шетен болып кеттің бе?
Шиден қалпақ кигенге
Шікірейді деп күлме!
Тау жарқырап ашылды,
моды соған сай келді:
есерлігін басыңның
қалпақ жасырмайды енді.
Қалпақ кию – о да егес,
бәсеке еді;
енді ше:
қалпақ енді моды емес,
қартайғанның белгісі.
Шаштың талай бар ағы,
қалпақ, шашты жасырма.
Модыдан қап барады,
қалпақ түгіл, басың да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу