Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  122


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Дүниенiң Анасы...

Дүниенiң Анасы- әйел,
ақыл– ойдың данасы- әйел.
талқыдағы тағдырыңның
тау тұлғалы панасы- әйел!
Дүниенiң иесi- Әйел,
қасиеттiң киесi- Әйел!
Жұқарса да үзiлмейтiн,
Жүйке тамыр жүйесi- Әйел!
Орда басы– отағасы,
Ошақ қасы– от Анасы.
Аруананың айбынынан
қаймығады– отағасы.
Ана деген– Аспан, анау,
Жұмыр Жерге шашқан алау.
Құрсақтағы тiршiлiктiң
Жанарына жас қамамау.
Қайнар бұлақ- сезiм деген,
бесiгiнен безiнбеген...
Тамырда қан ұйымауы
үшiн мәңгi көз iлмеген.
Қайсарлығы бойындағы,
өрелi өмiр ойындағы,
қалғып кетсе,
Асылдардың
бағасының жойылғаны!?
Ұрпағымның Анасы-әйел,
Ұлт арымның санасы- әйел!
Жер– бесiктiң жөргегiнде
жатқан тағдыр панасы- Әйел!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу