Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  104


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҚАЙДАСЫҢ, СƏУЛЕМ?

Есіңде бар ма,
Паналап талға,
Тұрғанбыз бей уақта.
Кештетіп барып,
Қараймын налып.
Кеттің-ау сəулем, қай жаққа.
Қайырмасы:
Уағда қайда, серт қайда,
Жас жаныма өрт қойма.
Айналам жым-жырт,
Көңілім күңгірт,
Ай туды еркесі аспанның.
Жымыңдайды жұлдыз,
Дегендей тұр қыз,
Құшағында басқаның.
Қайырмасы:
Сағынған жүрек сарғайып,
Қалқам-ау, менде бар ма айып.
Сүйеніп тұрып,
Ұялып бұғып,
Бұтағын талдың имеп пе ең?
Жолдас ең бұрын,
Жарым деп, құрбым.
Бассалып сонда сүймеп пе ем.
Қайырмасы:
Сағынып сені күрсінсем,
Қай жерде сəулем, жүрсің сен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу