Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  83


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҒАПІЛ ДҮНИЕ

Құлатсаң да құзыңнан арман атын,
Суалтсаң да суымды арда ағатын.
Ғапіл дүние!
Бір күндік қызығыңа,
Қырын қарап, пендемін алданатын.
Мен сырымды еститін құлаққа айтам,
Арман алыс болғанда, мұрат қайқаң.
Ғапіл дүние!
Қара нор базарыңа,
Күліп барып, күмілжіп жылап қайтам.
Сейілмей бір, əз басым мұнар мұңнан,
Өзегімді өрлейді шұбар жылан.
Ғапіл дүние!
Не шара...
Əке ұлдан,
Келін балам айырылса сыңарынан.
Ғапіл дүние!
Менде бір қонағыңмын,
Тісім барда тас шайнап, тоң айырдым.
Кеңістіктің келемін керуенінде,
Өз толқыным болсын деп, өз ағыным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу