03.06.2022
  126


Автор: Дәулет Мұқаев

«БАСТАУ 2020» бизнеске арналған несиелер

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы- ның бастамасы ұйымдастырып отырған бұл жоба жасыңызға қарамайды, несие алу үшін басты шарт кепілдікке жылжымайтын мүлік, пәтер, үй, жер учаскісі, депозит қою міндетті. Аталған жобаға жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, еңбекке жарамды мүгедектер, оралмандар, көшіп келгендер, көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелері, бизнесі 3 жылдан аз уақыт жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Жобаға қатысу үшін өз қалаңызда немесе ауданыңыздағы кәсіпкерлер палатасы филиалына бару керек немесе academy.atameken.kz сайтында онлайн өтінім беруге болады. Оқу ұзақтығы 20 күн және сабақ барысында шәкіртақы аласыз (16759тг). Оқыту аяқталған кейін тест тапсыру нәтижесі бойынша сертификат ала аласыз, аталған сертификат 6%-бен несие алу  мүмкіндігін  ұсынады.









academy.atameken.kz



 


Аталған бағдарлама 2020 жылдың наурыз айында басталады. Толығырақ 1432 телефон нөмері арқылы біле аласыз, қоңырау шалу тегін.


«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жас кәсіп- керлерге ұсынып отырған екінші сайты atameken. co. Сайтта Билл Гейтстің (Microsoft компаниясының негізін қалаушы) жетістікке қалай жеткенінен бастап тегін онлайн сабақтарға дейін барлығы бар. Сайтқа тіркелу тегін, телефон нөмеріңізді жазу жет- кілікті. Ең ыңғайлы тұсы – видео-сабақтар бар, олар аяқталғаннан кейін сабақтың электронды көшірмесін өзіңізге жүктей аласыз. Бірнеше сабақ өткеннен соң тест тапсыру арқылы материалды қайталауға болады. Жоғарыда айтыла кеткен сайт кәсіпкерліктің негізін үйренуге тамаша мүмкіндік. Ішінде дайын тұрған бірнеше StartUp жобалар да бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу