03.06.2022
  321


Автор: Дәулет Мұқаев

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өз- дерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.


ЖШС заңды тұлға болып табылады.


ЖШС құру тәртібі.


Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.


Құрылтай шартында мыналар болуға тиіс:



  1. серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері;

  2. серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі;

  3. серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай- ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау;



  1. серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;

  2. серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша  салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай- ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары;

  3. құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;

  4. серіктестік жарғысын бекіту;

  5. серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.


Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай шартына серіктестікті құруға және оның қызметіне қатысты заңға қайшы келмейтін өзге де ережелер енгізілуі мүмкін.


Құрылтай шартымен қатар жарғысы жасалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады.


 


Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:



  1. серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;

  2. серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;

  3. серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;

  4. серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті;

  5. серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері;

  6. серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi;

  7. серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі; 7-17 серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы;

  8. серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс.


Егер     серіктестікті      бір     адам     құрса,     оның жарғысында мүлікті құру мен табысты бөлу тәртібі де белгіленеді.


Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін.


Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.


Жауапкершілігі           шектеулі            серіктестікті мемлекеттік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.


Мемлекеттiк тiркеу деректерi, оның iшiнде серiктестiктiң фирмалық атауы, жарғылық капиталының мөлшерi, құрылтайшыларының құрамы мен атқарушы органдары, оның орналасқан жерi туралы мәлiметтер бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізіледі.


Жауапкершілігі           шектеулі            серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:



  1. құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтінішті;

  2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынуға тиіс.


Осылай тіркеуден өткен ЖШС деректері автоматты түрде салық органдарының базасына енеді. ЖШС 2 салық режимінің біреуін таңдауға құқылы:


 



  1. Жалпыға бірдей салық режимі

  2. Оңайлатылған декларация    негізіндегі     салық режимі


Патент      негізіндегі      салық      режимін     ЖШС пайдалана алмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу