Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  81


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Көп тілеуден көрініс

Алынбаса қысы-жаз атыңнан ер,
Оны-дағы меймандос халқыңнан көр.
Демалам ба деп келсең қызметтен,
Тыным бермейд қонаққа шақырған ел.
Жуу да көп бұл күнде, тілеу де көп,
Нəрестесін жатады біреу бөлеп.
Қас алдында қасқайып отырсаң да,
Дос алдында тояттап түлеу керек.
Отырысты айтсақ та əдемі əн ғып,
Келмесін деп қорқамыз пəле қаңғып.
Арағын да, сөзін де жіпке тізіп,
Отырады жігітін əйелі аңдып.
Аузың астан босамай,
құлағыңда əн.
Түлкі ілгендей қыраның құла құмнан.
Отырасың
кей кезде мезі болып,
Қасыңдағы мылжыңның сұрағынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу