Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  123


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Аққу мен үйрек

Самұрық құс біткенге енші бөліп,
Араға сұңқар жүріпті елші болып.
Аққу, үйрек қоғалы көлге қонып,
Тұрған десед ұя сап, көрші болып.
Бір күні аққу судан шыға қалып,
Қанатын жағадағы нұрға малып.
Айтыпты көршісіне жел жақтағы:
Шомылып кел ағынды суға барып.
Шамданып депті үйрек:
– Тақсыр, таңмын.
Мен дағы өз елімде əнші-салмын.
Егерде артқы мүшем аман болса,
Əлі де талай көлді сасытармын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу