Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  105


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Ұқсастық

Табиғаты аумалы,
Бар тіршілік таудағы.
Қазекеңе ұқсайды,
Қоңыр аңның ауғаны.
Алаулап таң атқаны,
Қара ормандар қапталды.
Аналарға ұқсайды,
Маймылдың бала баққаны.
Қара көк мақпал жапқаны,
Ысып-суып ақ тəні.
Аруларға ұқсайды,
Аққудың көлде жатқаны.
Қоштасу əні айтқаны,
Керней, сырнай тартқаны.
Жыр желкені
Ұзатқан қызға ұқсайды,
Құстардың шулап қайтқаны.
Қыранның түлкі алуы,
Қасқырдың қойға шабуы;
Қарақшыға ұқсайды,
Аюдың қақпан шағуы.
«Қызыл тілі қайраулы,
Қол-аяғы байлаулы»,
Ақын тұтқынға ұқсайды,
Қапазда бұлбұл сайрауы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу