Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  75


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Қараңғылық сөгілді....

Қараңғылық сөгілді,
Таңның сезіп тынысын.
Алтын арай төгілді,
Оятуға ұлысын!
Жарығымен,
Жылумен
Тірлік сеуіп ғаламға,
Көтерілді сұлу мең –
Жалқын Күнім,
Аман ба?!
Жасыл жердің жанары,
Мөлдірейді шықтанып.
Иіді ме анары,
Қарамашы сұқтанып!
Саф алтындай құлпырған,
Жайып тастап тұлымын.
Зор мұратқа ұмтылған,
Туды тағы Ұлы Күн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу