Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  93


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Кеңістікті көктеген...

Кеңістікті көктеген,
Уақытты шектеген,
Келімсекке «Кет!» – деген,
Келешекке:
«Жет» – деген,
Түп-тамырды – тек деген,
Бекзадасын – бек деген,
Бабаларым емес пе?!
Жалын болып атылған,
Жұлдыз болып шашылған,
Бес қаруын асынған,
Дұшпанның құтын қашырған,
Жауы келіп бас ұрған,
Даңқын жұрттан асырған,
Бабаларым емес пе?!
Бабам емей, елес пе?.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу