Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  292


Автор: Қадыр Әлімқұлов

12-монолог

Не деген тамаша өмiр,
Кiлең бақыт,
Мен сенi сүйедi екем сiлем қатып!
Сол үшiн қажет болса,
Өлермiн мен –
Өзiңе тамшы шаттық тiлеп жатып.
Не деген тектi тағдыр,
Неткен қалып,
Мен сенi сүйедi екем естен танып!
О, жаным, сенiң үшiн,
Сезiм үшiн –
Құштарлық қанатында кетсем жанып…
Дүние-ай,
Төбем көкке тие ме екен,
Пейлiң – пəк,
Ақ көңiлiң – киелi екен!
Басқаның бəрi жалған:
Өтер – кетер,
Мен сенi өлiп-өшiп сүйедi екем!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу