Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  117


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Түн – тылсым...

Түн – тылсым,
Түн – тымырсық,
Тым мазасыз,
Сондайда жұрттың түнін қызғанасыз.
Өзгелер өзеуреген қараңғыда,
Түртініп,
Жол іздеген сіз ғанасыз…
Нəр татпай талықсыған аш адамдай,
Қарайды құмар-құзғын тасадан да…
Мұзбенен
Тұзды қосып жаласам да,
Мен мауқын масаң түннің баса алам ба?!
Қоршаған қараңғылық қаңыраған,
Құтымды қашырады жамырап-ақ.
Көңілдің арсыздығы алжастырар –
Ақылдың алдаспаны əдіра қап.
Шалдығып шыдамың да,
Төзімің де,
Титықтар ұзақ таңға көзін ілмей.
Қайтейін, қаталатқан қақтай түннің,
Ұқпаймын –
Түсініксіз сөзі мүлде…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу