Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  93


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Шырылдайды бозторғай...

Шырылдайды бозторғай,
Жырлай ма екен,
Өзеуреген өңешi сырнай ма екен?!
Шерiн төгiп шырқаса, тыным таппай,
Жəудiреген жанары құрғай ма екен?!
Шырылдайды бозторғай…
Жылады ма,
Үкiлi үнi өзiне ұнады ма?!
«Ей, адамдар!
Сазымнан не ұқтың?» – деп,
Ойланбайтын пенденi сынады ма?!
Бəлкiм,
Бəлкiм… бозторғай күлген шығар,
Шарқ ұрумен өтерiн бiлген шығар?!
Үлгiсiндей үзiлмес үмiт-жiптiң,
Байланып қап биiкке…
Жүрген шығар?!
Талмаса екен:
Үнiң де,
Қанатың да,
Талай жаңа сыр ашып сан ақынға.
Жазға қонып,
Саз болып сайрай бершi,
Шырылдаған шындықтың санатында!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу