Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  122


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Уа, тағдыр, саған не дейін?

Уа, тағдыр, саған не дейін?
Неге енді сені теңейін?
Қорқаудасың-ау,
Əй, тіпті,
Қайтіп те сені жеңейін?!
Таудайын сыйлап талаптың
Қақтырдың қанша қанатты?
Ерітіп тілде мұзды да,
Тұзды да талай жалаттың.
Сұлуды небір сүйгіздің,
Сүйгізе беріп,
Күйгіздің.
Қолымды гүлге созылған,
Тікенегіне тілгіздің.
Біршама жайды білгіздің,
Ойланттың,
Кейде күлгіздің.
Бастың да сосын сабамды,
Табанды тасқа тигіздің.
Алай да дүлей айдыны,
Теңізін кештім қайғының.
Баз кешіп кетер сəтте де
Əтеген…
Жүрек айныды.
Сарқылмас аптық сыйладың,
Тартылмас шаттық жинадым.
Алдауға алғыр қармақтай
Бармақтай бақты қимадың.
Не дейін саған,
Не дейін?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу