01.06.2022
  128


Автор: Дәулет Мұқаев

Той бизнес

Той – халықтың қазынасы. Расымен, қазақ той десе бар жиған-тергенін шашады. Қазақтың той тойлауы баяғыша болғанымен, ұйымдастыру жүйесі жаңарған. Мысалы, тойды бұрынғыдай той иелері емес, той ұйымдастыру орталықтары дайындап, өткізеді. Бірінен бірі қалмай, жарыса, ерекше етіп жасалған тойлар қазір ел аузында. Тіпті халықты ештеңемен таң қалдыра алмай қалғанбыз ба деп қаламыз. Әйтсе де пәленшеден озамын деп, дәстүрлі емес кретативті әрі тиімді етіп тойларын өткізу үшін түрлі агенттіктер іздейтініміз рас. Демек қазақтың тойын бизнес көзіне айналдыру өміршең кәсіп түрі. Яғни тойдағы:



  • дастарханның сәнделуінен басталып,

  • орындықтардағы мата түсіне дейін,

  • сыйлар мен баннерлер жасау кең ауқымды табысты болып келеді.


Сонымен тойдағы безендірулермен айналысып, табыс тапқыңыз келсе мынадай кеңестерді пайдаға асырғаныңыз жөн:



  1. Жоғарыбәсекелестікболғандықтан,көрсеткен қызмет сапаңызға ерекше мән беру керек.

  2. Ең бастысы ерекшелік ойлап табыңыз.


Асыра сілтейміз деп қазақылықты ұмытпай, өз менталитетімізге лайықты той ұйымдастырушылар болсаңыз нағыз кәсіп көзін таптыңыз деп айта аламыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу